Біріңғай Call-center:
    +7 771 005 22 22
    sales@alageum.com

    Біздің Компанияның жаңалықтары

    Жұма, 27 Наурыз 2026 22:53

    Үкімет басшысына әлеуметтік нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін ЖИ шешімдері таныстырылды

    Үкімет басшысына әлеуметтік нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін ЖИ шешімдері таныстырылды

    Digital Qazaqstan форумы аясында Alageum Electric компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен ЕАЭО елдері үкіметтерінің басшыларына апаттардың алдын алуға және энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыруға бағытталған жасанды интеллект негізіндегі цифрлық шешімдерді таныстырды. Негізгі назар мектептер, ауруханалар және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері сияқты бірінші санаттағы нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге аударылды. Мұндай нысандарды электрмен жабдықтаудағы кез келген іркіліс адамдардың қауіпсіздігіне және әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей әсер етеді.

    Бүгінде энергожүйеге түсетін жүктеменің артуы бұл нысандардың тәуекелін күшейтіп отыр. Себебі электр энергетикасындағы техникалық ақаулар тұтас өңірлердің жұмысына ықпал етуі мүмкін жүйелік тәуекел ретінде қарастырылады.

    Форумда ұсынылған негізгі шешім — жасанды интеллект элементтерімен толықтырылған трансформаторларды бақылаудың интеллектуалды жүйесі SAFE-T.KZ. Бұл жүйе нақты уақыт режимінде жабдықтың негізгі параметрлерін (жүктеме деңгейін, температуралық режимді, майдың жай-күйін және компоненттердің тозу дәрежесін) талдайды. Нәтижесінде ықтимал ауытқулар мен ақаулар бастапқы кезеңде анықталып, апаттардың алдын алуға мүмкіндік туады. Бұл тәсіл саланың реактивті басқарудан алдын алу моделіне көшуін қамтамасыз етеді.

    Аталған цифрлық жоба қазірдің өзінде KEGOC нысандарында енгізілген және оны кеңейту, соның ішінде Түркістан облысындағы қуаты 1000 МВт бу-газ қондырғысы жобасында пайдалану қарастырылуда.

    Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздеріндегі генерацияны болжауға арналған жасанды интеллект алгоритмі ұсынылды. Бұл шешім энергожүйедегі теңгерімсіздіктерді азайтып, әлеуметтік маңызы бар нысандарды тұрақты электрмен қамтуға мүмкіндік береді.

    Пилоттық жоба Кентау трансформатор зауыты базасында іске асырылуда. Компания дерегінше, технологиялар болжау дәлдігін 95%-ға дейін арттырып, қуат теңгерімсіздігін 30–50%-ға төмендетіп, ЖЭК тиімділігін 15–25%-ға ұлғайтады. Жалпы, мұндай шешімдерді кеңінен енгізу технологиялық іркілістерді азайтып, энергожүйедегі төтенше жағдайлар тәуекелін төмендетеді.

    «Энергожүйенің сенімділігі — халық қауіпсіздігі мен мемлекет тұрақтылығының негізі. Біз тәуекелі жоғары нысандарға басымдық беріп, ақауларды алдын ала анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік беретін шешімдер ұсынып отырмыз. Бұл интеллектуалды әрі тұрақты энергетикаға көшу жолындағы маңызды қадам», — деді Еркебұлан Ілиясов.

                                                                                                                                                                                     

    «Alageum Electric» КТ

    Баспасөз қызметі

    Email: Pr@alageum.com

    FB: https://www.facebook.com/alageum

    Instagram: https://www.instagram.com/alageumelectric_

    Қосымша ақпарат үшін:

    Айғаным Мұстапаева: +7 771 056 60 66

    Поделиться новостью
    Просмотров: 15

    Кері байланыс

    +7 (771) 005 22 22
    © 2005 - 2026 АО «Alageum Electric». Барлық құқықтар қорғалған. | Сайт жасау Веб-студия «Arctika»